БатысГеоКонсалт жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2014 жылдан бастап мұнай және газ өндіру операцияларымен байланысты инженерлік қызметтер көрсетумен айналысады. 

Компанияның негізгі қызмет түрлері:

  • Мұнай және газ геологиялық барлау жұмыстарын жобалау және мемлекеттік органдарда мақұлдау;
  • Мұнай, мұнай-газ конденсатты және газ кенін игеру жобалауы және мемлекеттік органдарда мақұлдау;
  • Нормативті техникалық құжаттарды әзірлеу;
  • Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау техникалық жобаларын әзірлеу және мемлекеттік органдарда мақұлдау;
  • Сейсмикалық жұмыстарын жобалау және мемлекеттік органдарда мақұлдау;
  • 2D және 3D сейсмикалық іздеу жұмыстарының деректеріне талдау жасау;
  • Көмірсутектер қорын есептеу және мемлекеттік органдарда мақұлдау.